Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 желтоқсан 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

 

Мемлекет басшысы елімізде жасалатын ұсақ қылмыстар мен құқық бұзушылықты ашуды қамтамасыз ету және үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды.

- Ұсақ қылмыс пен құқық бұзушылыққа назар аудару керек. Барлық ұсақ елеусіз қылмысты толықтай тіркеу – осы жұмыстың басы. Енді осындай құқық бұзушылықтың жолын кесіп, ақшалай айыппұл салып, өзге де әкімшілік және тәртіптік ықпал етуді қолдану қажет. Әлемдік тәжірибені пайдаланып, бұл құқық қорғау органдарына көмек болуы үшін халықпен белсенді жұмыс жүргізу керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.    

Кездесу барысында Қ.Қасымов еліміздегі криминогендік жағдай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ішкі істер министрі жалпы алғанда, ұсақ қылмыс пен құқық бұзушылықтар 25 пайызға өскенін айтты. Осы орайда, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша тұрақты төмендеу барына тоқталды. Мысалы, елімізде кісі өлтірушілік саны 11 пайызға төмендеген, ал аса ауыр санатқа жататын қылмыстар саны 16 пайызға азайған.    

Мемлекет басшысы  кездесудің қорытындысы бойынша барлық қылмысты қатаң түрде есепке алу және тіркеуді одан әрі қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қылмыстық қол суғушылықтан қорғау, тиімді кадр саясатын қамтамасыз ету, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртібін және  заңдылықты нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар