Жаңалықтар

21 мамыр 2013
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің алда болатын отырысына қатысушылармен кездесу өткізді

Кездесуге Еуропалық аэроғарыш және қорғаныс концернінің (EADS) басшылары ­- президенті Томас Эндерс, халықаралық даму жөніндегі бас атқарушы директоры Жан-Пьер Таламони, сондай-ақ, «Эйрбас» компаниясының бас атқарушы директоры Джон Лихи және  «EADS Қазақстан» бас директоры Сильвер Дэлонэ қатысты.

Кездесу барысында аэроғарыш саласындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның аталған компаниялармен ынтымақтастығы жақсы қарқынмен дамуда екенін атап өтті.

- Сіздердің делегация құрамында келулеріңіз бұл жұмыс жалғасын табатынын білдіреді. Біз бұған дейін де менің Парижге сапарым барысында кездестік. Жасалған келісімдер ынтымақтастығымыздың аясы дәйектілікпен ұлғая түсетінін көрсетеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде компаниялар өкілдері Қазақстан Президентіне қабылдауы үшін алғыс айтып, қазақстандық серіктестерімен ықпалдастықтың табысты екендігі туралы хабардар етті.

EADS – аэроғарыш өнеркәсібіндегі ірі корпорация және жолаушылар, жүк және әскери-транспорт ұшақтары өндірісімен айналысатын «Эйрбас» компаниясының бірден-бір акционері болып саналады.      


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар