National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мейрамына орай Қазақстан халқына арнаған құттықтауы

2013 жылғы 12 қазан

 

Қымбатты отандастар!

 

Баршаңызды айтулы мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.

Ол жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қол ұшын беру сияқты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға қомақты үлес қосады. Ата-бабалармыз осы асыл үрдістерді ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді.

Еліміз азаттық алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Дін өз руханилық негіздерін нығайтатын, өзгеге өнеге болатын ізгі ниет пен игі әрекеттен көрініс табады. Діннің басты мұраты – қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру.

Қазақстан халқының басым бөлігін құрайтын мұсылман жамағаты мемлекетіміздегі бірлік пен ынтымақтың бекем бола түсуіне айтарлықтай үлесін қосуда. Еліміздегі түрлі дін өкілдерінің өзара татулығы әлемге үлгі көрсетіп отырғаны қуантады.

Халқымыз өз рухани болмысын сақтап, ерік-жігерін арттыра отырып, одан әрі өркендеу жолына қадам баса береді деп кәміл сенемін. Алла Тағала барлық дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!

Құрбан айт мүбәрак болсын!

Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін! 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің