National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2014 жылғы 26 қараша

 

Отырыста Энергетика министрлігінің, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді қолдану стандарттарын сақтау мәселелері қаралды.

Жиын барысында Гүлшара Әбдіқалықова заңнамалық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету Елтаңба, Ту және Гимнге деген құрметті арттырудың, азаматтарды патриотизмге тәрбиелеудің қажетті шарты екенін атап өтті.

Комиссия мүшелері мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының баяндамаларын талқылап, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылдады.

Сондай-ақ, отырыста Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің