National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Испанияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мануэль Ларротча Параданы қабылдады

2015 жылғы 08 маусым

 

Гүлшара Әбдіқалықова елшіні Испанияның 2015-2016 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтап, испан тарапына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету бағытындағы іс-шараларға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде 2009 жылы қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісімге негізделген Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың серпінді дамуы атап көрсетілді.

Г.Әбдіқалықова Испания дипломатиялық миссиясы басшысына оның екіжақты байланыстарды дамытуға, соның ішінде 2014 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысын ұйымдастыруға қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.  

Қарлагта тұтқында болған испандықтарды еске алуға арналған Спасскідегі ескерткіштің таныстырылымы 2015 жылғы 31 мамырда Ларротча Параданың тікелей қолдауымен өтті. Бұл рәсімге Испаниядан арнайы келген бұрынғы испандық тұтқындар отбасылары мүшелері мен жобаға қатысушылардан тұратын 12 адам қатысты. ҚР Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауы арқылы халықаралық «Nexos» телерадио хабарларын тарату қауымдастығы түсірген «Қарағандыда ұмыт қалғандар» атты қазақ-испан деректі фильмі 2014 жылы Калифорния кинофестивалінде үздік деректі фильм ретінде танылып, California Film Awards гауһар сыйлығын иеленді. Бұл фильм сондай-ақ Джакартадағы кинофестивальде «Үздік еуропалық деректі фильм» атанды.

Кездесу қорытындысында Мемлекеттік хатшы Испания елшісіне зор денсаулық және жаңа жұмыс орнындағы қызметіне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің