Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қыркүйек 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады.

О. Мұхамеджанов Президентті Парламенттің бесінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысынан хабардар етті. Атап айтқанда, 2012-2014 жылдарға арналған бюджет, діни бірлестіктер, энергияны үнемдеу және тиімділігін арттыру, индустриялық-инновациялық қызметті қолдау туралы бірқатар заң жобаларының Мәжілістегі таныстырылымы туралы сөз болды. Тиісті комитеттер, жұмыс тобы бұл заңдардың жобаларын қарауға кірісті.

Сонымен қатар О. Мұхамеджанов Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеудің Жоспарына сәйкес осы жылы Парламентте өтетін халықаралық шаралар туралы хабардар етті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар