Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 қыркүйек 2009
8 қыркүйекте ықпалды американдық «Вашингтон Таймс» газеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Демократия өскінінің әлеуеті» атты мақаласын жариялады.

Мақала АҚШ-тағы дәстүрлі жазғы демалыстан кейінгі бірінші ресми жұмыс күні жарық көрді. Бұл американдық саяси истеблишмент үшін оның өзектілігі мен басымдылығын және әлемдік аренада анағұрлым беделді лидерлердің бірі ретінде Қазақстан Президентінің пікіріне үлкен қызығушылықты көрсетеді. 

Бұдан басқа, мақалада қозғалған Мемлекет басшысының халықаралық қоғамдастық үшін халықаралық деңгейдегі өзара түсіністік және толеранттылықты нығайту әрі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау тәртібін күшейту тәрізді көкейкесті мәселелер туралы ұстанымы БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысының қарсаңында қоғамдастық назарына ұсынылған және осы проблемалардың талқылануы жоспарланып отыр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар