Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

29 қыркүйек 2008
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Жомарт Амангелдіұлы Әбиесов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды;


Серікжан Зиаданұлы Қанаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды және ол бұрын атқарған қызметінен босатылды;


Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды;


Бақыт Қамалбекқызы Есекина Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

* * *


Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 5-тармағына сай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаевтың өкілеттігі тоқтатылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар