Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 желтоқсан 2005
2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары аяқталды. Оның қысқаша қорытындысы мынадай.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 38 пайызға өсіп, 772 миллиард теңгеге жетіп отыр. Соңғы 5 жылда сала орта есеппен 5,7 миллиард теңге табыс көрді, ал осыған дейінгі бесжылдықта 18,0 миллиард теңге шығынның болғаны баршаға мәлім. Сондай-ақ, соңғы бесжылдықта кірісті шаруашылықтардың саны – 2 есеге артып, шығынды кәсіпорындардың саны – 1,5 есеге кеміген.

 
Қайта өңдеу саласындағы өсу қарқыны 20 пайызды құрады. 2001 жылмен салыстырғанда, ірі қара малдың басы – 24,3 пайызға, қойдың саны – 30,8 пайызға, шошқа – 20 пайызға, жылқы – 14,7 пайызға, түйе – 22,5 пайызға, құс – 22,3 пайызға артып отыр.

 
Асыл тұқымды мал өсіру көрсеткіші де 2 есеге өсті. Саланың негізгі капиталын жаңартуға 600 миллиардқа жуық теңге немесе 2002 жылмен салыстарғанда, жыл сайын 7 есеге көп қаражат тартылған. Мемлекеттің 1 теңге инвестициясына жекеменшік салымдардың 5 теңгесі келгенін айта кету керек.

 
Екінші деңгейдегі банктердің агроөнеркәсіптік кешенді несиелеу көрсеткіштері 76 миллиард теңгеден 146 миллиард теңгеге, яғни 1,9 есеге өсті. Саланы энергиямен қамтамасыз ету көрсеткіші де 17 пайызға артып, 1 комбайнға түсетін маусымдық жүктеме 531 гектардан 310 гектарға азайды.

 
Қосалқы бөлшектер шығарылымы 2 есеге өсті. 131 селолық несиелік серіктестік құрылып, олар 13,3 миллиард теңгенің несиелік ресурстарын беріп отыр. Астық есебінен несие беру тетіктерінің арқасында 30 миллиардтан астам теңгенің несие қоры берілген. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі де қамтамасыз етілді. Нан өнімдерінің өндіріс көлемі тұтынудың ұлттық стандарттарынан – 4 есеге, картоп бойынша – 2 есеге, көкөністер бойынша – 20 пайызға, күріш – 52 пайызға, сүт – 17 пайызға, ет өнімдері бойынша – 19 пайызға артық. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты импорттан 35 пайызға асты.

 
Соңғы 3 жылда ауылдарда саондай-ақ, 280 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл жоспарланған көрсеткіштен 5 есеге көп. 2003-2004 жылдары ауыл шаруашылығы жұмысшыларының орташа айлық номиналдық жалақысы 46,7 пайызға өсіп, 11 978 теңгені құрады. Ал, 2005 жылдың 10 айында бұл көрсеткіш тағы 39,1 пайызға өсіп отыр.

 
Орман, Су, Жер кодекстері, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қатынастарды реттейтін 370-тен астам заң күшіне ие нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Дамыған елдердің тәжірибелері мен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары ескеріле отырып агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік үйлестіру және қолдау жүйесі реттелді.

 
Агроөнеркәсіптік кешенге республикалық бюджет тарапынан көрсетілген мемлекеттік қолдаудың көлемі 2,4 есеге артты. өндірістерге ғылыми жобаларды енгізу көрсеткіші де 2 есеге өсті. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 156,5 мың гектар жер жекеменшікке сатылып, осының арқасында Ұлттық қорға 3,2 миллиард теңге қаражат түсті.

 
Нарықтық экономиканының талаптарына сәйкес табиғат пайдалану, орман, аң аулау, балық аулау және су шаруашылықтары салаларындағы қатынастар жүйесі қайта құрылды, аң ауланатынжер-сулардың 37,2 пайызы жекеменшік шаруашылықтарға ұзақ мерзімге жалға берілді, олар өз кезегінде, аң аулау шаруашылықтарын дамытуға және 1140 адамнан тұратын қорық күзетшілері қызметін құруға 300 миллионға жуық теңге инвестиция салды.

 
Бүгінде еліміздегі суары арналарының 4 пайызы – республикалық, 60пайызы – коммуналдық, 36 пайызы – жеке меншікте. Арал-Сырдария алыбындағы су жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Көкарал бөгеті пайдалануға берілгеннен кейін Кіші Аралдың аумағы 217 шаршы шақырымға кеңейіп, ондағы су көлемі – 3 шаршы шақырымға жетіп отыр. 2006 жылдың жазына қарай Кіші Арал өзені судың жобалық көлемін – 27 текше шақырымды жинайды деп күтілуде. Сондай-ақ, Селолық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 121,6 миллиард теңге жұмсалды. Оның 40,5 миллиард теңгесі – республикалық бюджеттен, 53,8 миллиард теңге – жергілікті бюджеттен, 27,2 миллиард – басқа қаржы көздеріне аударылды. Осы қаражаттардың есебінен ауылдық жерлерде 4200-ге жуық әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар мен инженерлік инфрақұрылымдар салынды, қайта жөндеуден өткізілді, 94 елді мекенге газ берілді, 600 шақырымнан астам жол жөндейден өткізілді, 579 шақырым электр желісі тартылды.

 
 Соңғы 2 жылда экологиялық тиімсіз және экономикалық болашағы жоқ деп танылған 261 селолық елді мекен жабылды. Бірақ, есесіне селолық елді мекендердегі даму әлеуеті жоғары халықтың саны 260 мыңға көбейді.

 
«Ауыз су» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері, яғни 4 жылда 50 миллиард теңгеден астам қаржы игерілді. Бұл қаражаттың 55 пайызға жуығы – республикалық бюджет пен сыртқы займдардың үлесіне тисе, 35 пайызы – жергілікті бюджеттің, 10 пайызы – шаруашылық іс жүргізуші субъектілердің қаражаттары. Осының арқасында 4,5 миллион адам халқы бар 1500-ге жуық елді мекеннің ауыз су пайдалану жағдайы жақсартылды. Осы игі істердің арқасында, халықтың өткір ішек ауруларымен ауыру деңгейін 2001 жылмен салыстырғанда, 27,7 пайызға азайту мүмкін болып отыр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар