Бөлімдер санаты

Аңдатпа

30 мамыр 2016
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

 

31 мамыр күні Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин қатысады деп жоспарланып отыр.

Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының қазіргі мәселелерін қарастырып, оның бірқатар мемлекеттермен сауда саласындағы өзара ықпалдастығының дамуына қатысты мәселелерді талқылау көзделуде. 


Барлық аңдатпа
 
Басқа аңдатпа
Барлық аңдатпа